«ANTIKOR ORTALYGY» алаңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы байқаудың жеңімпаздары марапатталды
Бүгін «ANTIKOR ORTALYGY» сервистік орталығында Департамент басшысының бірінші орынбасары Жазира Жылқышиева мен АХҚО басқармасы төрағасының кеңесшісі, құқық, экономика және бизнес-менеджмент магистрі Асхат Қожумов Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің 2-курс студенттері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта өткізілген байқау жеңімпаздарын жариялап, грамоталар мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет логотипі бар естелік сыйлықтармен марапаттады, деп хабарлайды Елорда Инфо. 1-15 сәуір аралығында қатысушылар алдында «Құқықтық сана», «Сыбайлас жемқорлық» тақырыптары бойынша интернет-ресурстардағы материалдарды зерделей отырып, қоғамдық санаға ықпал ету арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша дербес эссе жазу міндеттері тұрды. Жұмыстар мәлімделген тақырыптың мазмұнын дербес ашу, жағдайды талдау және негізделген ұсыныстардың болуы сынды критерийлер бойынша бағаланды. Конкурсқа қатысуға жіберілген барлық 37 жұмыс плагиаттың болуына тексерілді. Департамент басшылығының және арнайы мониторингтік топ мүшелерінің қатысуымен өткізілген онлайн-отырыс барысында 15 үздік жұмыс іріктеліп алынды. Конкурс Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің заңтану магистрі, философия ғылымдарының кандидаты, АМТ мүшесі Светлана Арыстамбаеваның бастамасымен өткізілді. Асхат Кожумов конкурс жеңімпаздарын атап өтті: 1-орын – Алина Левченко, Арман Садвакасов, Сұлтан Темірхан, 2-орын – Иоланда Вихренко, Виктория Гавриш, Аида Иманәлі, Мария Конюхова, Жұлдыз Сембаева, Айбек Өтжанов, 3-орын – Расула Асилова, Асанәлі Асқарұлы, Камила Ахметова, Әлібек Бердалиев, Камила Колмагорова, Николай Пичененко иеленді. Сонымен қатар барлық қатысушылар сертификаттармен марапатталды. Жазира Жылқышиева мен Асхат Қожумов студенттерге байқауға белсенді қатысқандары үшін алғыстарын білдіріп, оларды ANTIKOR ORTALYGY алаңында тәжірибеден өтуге шақырды. Студенттер Алина Левченко, Виктория Гавриш, Аида Иманәлі, Айбек Өтжанов байқаудың ұйымдастырушыларына алғыстарын білдірді.