Біз жыл сайын кем дегенде 10 мектептен салуымыз керек – елорда әкімі
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Біз жыл сайын кем дегенде 10 мектептен салуымыз керек – елорда әкімі](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172120751330093231.webp)
Нұр-Cұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов мектептер проблемасы қалай шешіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Мектептерге қатысты шағым көп түседі. Бізде үш ауысымды мектептер саны артып барады. Себебі бізде демография өсіп келеді, ішкі көші-қон үлесі де бар. Қазір тұрғындар саны шамамен 1 миллион 300 мыңға жеткенін көріп отырмыз. Балалар саны көп. Әрине, мектептерге салмақ түседі. 10 жыл бұрын бірінші қыркүйекте тоғыз мың бала мектепке барса, өткен жылы 25 мың бала мектепке барды. Осындай айырмашылық бар. Сондықтан біз жыл сайын кем дегенде он мектептен салуымыз керек. Биыл біз 12 мектептің құрылысын аяқтаймыз. Оларды жұмыс кестесіне сай, жаздан желтоқсанға дейін ашуды жоспарлап отырмыз. Әрине, бұл біздің мектептердегі салмақты жеңілдетеді. 12 мектеп 10 мың орынға, ал екі ауысымда болса 20 мыңға есептелген. Келесі жылы тағы он мектеп салуды, жалпы, 40 мың орын ашуды жоспарлап отырмыз», - деді Көлгінов «Астана» телеарнасына берген сұхбатында.
![Астананың «Алматы» ауданына мурал салғысы келетін суретшілер шақырылады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173928680228674650.webp)
![Дәрігерлер Астанада пышақталған баланың жай-күйін айтты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/17393332385476968.webp)
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)