Елімізде тағы екі адам коронавирустан жазылды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елімізде тағы екі адам коронавирустан жазылды
ашық дереккөз

Алматы қаласында екі адам коронавирус індетінен айықты, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Коронавирустан жазылып шыққандар - 1997 және 1998 жылғы қыздар. Олардың бірі 15 наурызда Ыстанбұл - Алматы рейсімен ұшып келген, екіншісі бұған дейін вирусты жұқтырған адаммен байланыста болған. Осылайша, Қазақстан бойынша қауіпті індеттен айыққандар саны 44-ке жетті», - деп хабарлады Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.