Елорда әкімі биыл қай жолдардың жөнделетінін айтты

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елорда әкімі биыл қай жолдардың жөнделетінін айтты
ашық дереккөз

Нұр-Cұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов биыл астанада қай жолдар жөнделіп, қай көпір салынып бітетінін айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Биыл 150 көше, 100 шақырым жол жөнделеді. Бірінші кезекте қоғамдық көліктер жүретін жолдар, нашар жолдар жөндеуден өтеді. Біз «Еуразия» жақтағы Сәтпаев көшесі аумағындағы жолдардан бастадық. Ол жерде адамдар көп жүреді. Бөгенбай батыр, Абай даңғылдары да бар. Бұған қоса, біз Есіл өзені арқылы өтетін көпір құрылысын аяқтамақпыз. Бұл көпір «Нова Сити» ауданы, Тельман көшесі мен «Нұрлы жол» жаңа теміржол вокзалын байланыстырады. Бұл оң және сол жағалаудың қозғалысын жеңілдетіп, көлік кептелісін азайтады», - деді А.Көлгінов «Астана» телеарнасына берген сұхбатында.