00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Хабиб Нурмагомедов елордалық аула клубының ашылуына қатысты

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Хабиб Нурмагомедов елордалық аула клубының ашылуына қатысты
ашық дереккөз

Ашылу салтанатында чемпион жас спортшыларға жылы лебізін айтты. Бала кезінен спортқа деген қызығушылығын оятып, спорттық мінез қалыптастырудың маңызын атап өтті.

Аула клубының жаңа филиалында ММА, қазақша күрес, бокс, каратэ, хореография, т.б. бағыттар бойынша үйірмелер бар.

«Profit» филиалы – әлеуметтік жоба. Жетім балалар мен халықтың әлеуметтік осал топтарының балалары сабаққа тегін қатыса алады.

Көп балалы және толық емес отбасылы балаларға да жеңілдіктер қарастырылған. Жаңа аула клубы Сарыарқа ауданы, І. Есенберлин көшесі, 28а мекен-жайында орналасқан.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтанда «Аула үйірмелері» әлеуметтік жобасы сәтті іске асуда. Атаулы жобаның  жұмысы балалар мен жасөспірімдердің уақытын тиімді өткізуіне, жан-жақты дамуына бағытталған.

Соңғы жылдары елорда әкімдігі аула клубтарының желісін айтарлықтай кеңейтті, 750-ден астам аулалар мен қоғамдық орындарды (саябақтар, гүл бақтары) абаттандырды.