Қазақстанда бір адам коронавирус індетінен көз жұмды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қазақстанда бір адам коронавирус індетінен көз жұмды
ашық дереккөз

Қазақстанда бір адам коронавирус індетінен көз жұмды, деп хабарлайды Елорда Инфо. Қайтыс болған азамат Түркістан облысының тұрғыны болып шықты. Облыстық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, COVID-19 вирусынан көз жұмған науқас – 1956 жылы туған, Жетісай ауданының тұрғыны. "Аудандық аурухананың терапия бөліміне 26 наурызда жатқызылды. Жағдайы нашарлаған кезде 29 наурызда инфекция бөліміне ауыстырылды. Пневмония тыныс алу қиындығы анықталды. Науқастың қосалқы дерті, қант диабеті болған. Барлық сынама алынып, емдік шаралары жүргізілді. 1 ай көлемінде Алматы қаласының Қарасай ауданында қонақта болған. 15 наурызда Алматыдан автобуспен үйіне келген. Алайда Алматы қаласынан келгенін жасырған. Жақын қарым-қатынаста болған 25 адам, ықтималды байланыста болған 40 адамдар тексірілді. Жағдай бақылауда", – делінген облыстық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы таратқан хабарламада. Естеріңізге салсақ, бұған дейін Қазақстандағы соңғы жағдай бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 500-ге жеткенін хабарлаған болатынбыз.