Алдағы діни мерекелердегі рәсімдерге уақытша тыйым салынады – Абаев
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Алдағы діни мерекелердегі рәсімдерге уақытша тыйым салынады – Абаев](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/17212278636633671.webp)
Діни мейрамдар кезіндегі рәсімдер онлайн режимінде өтеді. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев онлайн брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Сәуір айында біз үшін маңызды бірқатар діни мейрамдар келе жатыр. Олар – Ораза, проваславтық және католиктік Пасха, яхудиелік Песах және тағы басқа. Осы мерекелердің барлығы көптеген азаматтар үшін маңызы зор екені сөзсіз. Біз дінді ұстанушы азаматтардың діни сеніміне зор құрметпен қараймыз. Алайда коронавирус індеті барлық адамның денсаулығына, өміріне қауіп төндіруде. Сол үшін көптеген елдер эпидемияға қарсы бұрын-соңды болмаған бірқатар шектеулер енгізуде. Вирус таралмауы үшін адамдар жиналатын барлық орындарға, оның ішінде діни шараларға да уақытша тыйым салынады. Себебі діни шаралар кезінде адамдар ғибадат орындарына барып, туыстарымен, жақындарымен жиналады. Бірге мазар басына барады. Одан да басқа әртүрлі мәдени көпшілік іс-шаралар болады. Сол үшін қазіргідей күрделі кезеңде ең басты мәселе – адамның денсаулығы мен амандығы. Ешқандай дін адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіргенді мақұлдамайды. Осы ретте барлық діни және этномәдени ұйымдардың басшылары мен азаматтарды түсіністік танытуға шақырамыз. Діни мейрам кезінде карантин режимін сақтауды сұраймыз. Діни бірлестіктерге мерекелік діни рәсімдерді онлайн режимінде өткізуді ұсынамыз», – деді министр.
![Астаналық зейнеткерлер оқушыларға тігіншіліктің қыр-сырын үйретті](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173935565512053547.webp)
![Астананың «Алматы» ауданына мурал салғысы келетін суретшілер шақырылады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173928680228674650.webp)
![Дәрігерлер Астанада пышақталған баланың жай-күйін айтты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/17393332385476968.webp)
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)