COVID-19 жыныс пен жасқа қарамай жұғады – Елжан Біртанов

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
COVID-19 жыныс пен жасқа қарамай жұғады – Елжан Біртанов
ашық дереккөз

ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов онлайн брифингте коронавирус инфекциясы туралы журналистердің түрлі сауалына жауап берді, деп хабарлайды Елорда Инфо.  «COVID-19 вирусын қай жыныстылар көбірек жұқтырады, ерлер ме, әлде әйелдер ме?» деген сауалға министр бұл инфекцияның жыныс талғамайтынын айтты. Сонымен қатар ол «әзірге коронавирус инфекциясын жұқтырған бірде-бір науқас тіркелмеген Қостанай облысының дәрігерлеріне сыйақы төленбей ме?» деген сауалға былай деп жауап берді: «Дәрігерлерге төленетін сыйақы географиялық жағдайға бөлінбейді. Қостанай облысындағы жағдайды жеке қарастырып отырған жоқпыз. Бұл өңірде Құдайға шүкір әзірге бірде-бір науқас анықталған жоқ. Алайда стационарлық карантинде жатқан адамдар бар. Жалпы, коронавирус инфекциясының алдын алу жұмыс жүргізіп жатқан қостанайлық медицина мамандары да мемлекеттік сыйақыдан шет қалмайды».