Нұр-Cұлтанда қоғамдық көлік қашан жүре бастайды?
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Нұр-Cұлтанда қоғамдық көлік қашан жүре бастайды?](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172120763114506869.webp)
Нұр-Cұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов астанада жолаушылар көлігі қашан жүре бастайтынын айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Біз мемлекеттік комиссия отырысында 11 мамырда төтенше жағдай аяқталғаннан кейін осыны ұсынуды жоспарлап отырмыз. Бұл жайлы біз әлі келісеміз. Эпидемиологиялық жағдайды біз әлі бақылай тұрамыз, дегенмен қоғамдық көлікті жүргізуді жоспарлаудамыз. Өйткені одан әрі ұстауға да болмайды», - деді Көлгінов «Астана» телеарнасына берген сұхбатында. Әкімнің айтуынша, жолаушылар көлігінде санитарлық талаптар күшейтіледі. Жүргізуші жеке отырады, жолақыны қолма-қол ақшасыз төлеу керек болады. Адамның бет-әлпетін тану арқылы жолақы төлеу пилоттық жобасын да іске қосу жоспарда бар. Бұған қоса, адамдар медициналық бетперде киюі тиіс болады.
![Астаналық зейнеткерлер оқушыларға тігіншіліктің қыр-сырын үйретті](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173935565512053547.webp)
![Астананың «Алматы» ауданына мурал салғысы келетін суретшілер шақырылады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173928680228674650.webp)
![Дәрігерлер Астанада пышақталған баланың жай-күйін айтты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/17393332385476968.webp)
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)