Коронавирус жұқтырған 12 науқас жансақтау бөлімінде жатыр – Біртанов

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Коронавирус жұқтырған 12 науқас жансақтау бөлімінде жатыр – Біртанов
ашық дереккөз

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов қазіргі уақытта 12 науқастың жансақтау бөлімінде жатқанын айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Қазіргі уақытта инфекциялық ауруханаларда 12 науқас жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайлары өте нашар. Себебі бұл инфекция науқастардың тікелей өкпесіне әсер етеді. Науқастың 8-і өкпені жасанды желдеткіш аппаратына таңылған. Нұр-Сұлтандағы ұлттық кардиохирургиялық орталығында интенсивтік терапиялық орталық аштық. Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында жоғары деңгейде медициналық қызмет көрсетіліп жатыр. Барлық науқастың жағдайы туралы ақпарат министрліктің қатаң бақылауында» – деді ол. Сонымен қатар ол межициналық мамандықта оқып жатқан жоғары курс студенттерінің ерікті түрде қызмет атқарып жүргенін атап өтті. Оның айтуынша, жоғары білімді мамандар жеткілікті. Егер қажет олған жағдайда алдағы уақытта студенттердің де жұмылдырылуы мүмкін екенін тілге тиек етті.