Алтай Көлгінов елордаға газ қашан тартылатынын айтты

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Алтай Көлгінов елордаға газ қашан тартылатынын айтты
ашық дереккөз

Нұр-Cұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов астанаға газ тарту мәселесі жайлы айтып берді, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Магистралды газ құбыры салынды. Президент бұл мәселені жеке бақылауында ұстап отыр. Астананы дамыту жөніндегі кеңесте Мемлекет басшысы бұл жұмысты сапалы атқаруды тағы бір мәрте тапсырды. Былтыр біраз қиындық болды. Бірақ біз қазір кесте бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Газ тарату желілері салынып жатыр. Яғни, біз жаңа жылыту маусымына қарай, күзде  ТЭЦ-1 және ТЭЦ-2-ні газға қосу керекпіз. Біз осы бағытта белсенді жұмыс атқарудамыз. Жеке сектор газға қол жеткізуі тиіс. Жұмыс кестесі бар. Бірінші кезекте газ Көктал-1 мен Көктал-2-ға тартылады. Біз ауылдың ішінде жұмыс жасап жатырмыз. Жазда бірінші әлеуметтік нысандарға газ қосуды жоспарлап отырмыз. Атап айтсақ, мектептер, қарттар үйі, әлеуметтік нысандар мен Железнодорожный ауылы да қосылады. Бұның барлығы қала аумағы. Біз жұмысты жеке сектордан бастағымыз келеді. Себебі бізге бірінші кезекте экологияны жақсарту керек», - деді Алтай Көлгінов «Астана» телеарнасына берген сұхбатында.