Елімізде қанша пойыздың тоқтағаны белгілі болды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елімізде қанша пойыздың тоқтағаны белгілі болды
ашық дереккөз

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушы Қайырбек Өскенбаев коронавирусты таратпауға бағытталған шаралар туралы айтып берді, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Елімізде 157 жолаушы және қала маңы пойызы қатынайтын. Олардың да жұмысы толықтай тоқтатылды деп айтуға болады. Бүгінгі күні 24 пойыз ғана жүр, олар теміржол саласы қызметкерлерін тасымалдауға арналған пойыздар. Біз жүк таситын пойыздарға ешқандай шектеу қойған жоқпыз. Олар ел ішінде қалыпты кестеге сәйкес қатынайды», - деді Өскенбаев Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.