Қытай Қазақстанға гуманитарлық көмек көрсете бастады
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Қытай Қазақстанға гуманитарлық көмек көрсете бастады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172122807746160361.webp)
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Қытайдың елімізге гуманитарлық көмек көрсете бастағанын жеткізді, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытай Халық Республикасы төрағасы Си Цзиньпинмен жақында өткен телефон арқылы сөйлесуінің қорытындысы бойынша, Қытай Қазақстанға гуманитарлық көмек беруі туралы уағдаластыққа қол жеткізілді», - деп ақпарат таратты ведомство. Мәліметке сай, бүгін таңертең Алматы қаласының әуежайына гуманитарлық көмектің бірінші партиясы келді. Оның ішінде тепловизор, тест жиынтығы, медициналық бахила, қолғап, көзілдіріктер және медициналық киімдер бар. Жақын арада тағы да Қытайдан медициналық қорғаныс құралдары әкелінеді. Гуманитарлық көмекті Алматы әуежайында «Фармация» СҚ, Алматы қаласындағы ҚР СІМ өкілдігі, ҚХР Бас консулдығы өкілдері күтіп алды.
![Қаржылық пирамиданың басшысы Астана әуежайынан Түркияға ұшайын деп тұрған жерінен ұсталды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173935358821443800.webp)
![Астаналық зейнеткерлер оқушыларға тігіншіліктің қыр-сырын үйретті](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173935565512053547.webp)
![Астананың «Алматы» ауданына мурал салғысы келетін суретшілер шақырылады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173928680228674650.webp)
![Дәрігерлер Астанада пышақталған баланың жай-күйін айтты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/17393332385476968.webp)