Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға 400 АЕК мөлшерінде қайтарымсыз грант беріледі
Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз орталығында өткен брифингте Нұр-Сұлтан қаласы халықты жұмыспен қамту орталығының кәсіпкерлік бастамаларды қолдау бөлімі басшысының міндетін атқарушы Бақыт Бекенов айтты. Оның айтуынша, гранттар бір рет беріледі.
Грант алудың міндетті шарттары:
1) «Бизнес Бастау» жобасы бойынша оқуды аяқтау туралы сертификаттың болуы, өтініш берген сертификатты алған күннен бастап 3 (үш) жыл ішінде есептеледі;
2) үміткердің порталда белгіленген талаптарға сәйкестігіне нәтижелердің болуы;
3) комиссияның оң шешімінің болуы.
Өтінімдерді қабылдау «Business.enbek.kz» портал арқылы жүзеге асырылады онлайн режимінде. Гранттар алу үшін өтініштерді қабылдау ағымдар бойынша жүзеге асырылады.
I ағым (2022 жылғы 1-14 сәуір) - 5 грант берілді (3 Жастар, 2 ХӘОТ); II ағым (2022 жылғы 8-19 тамыз) – 80 грант жоспарланған (50 жастар, 30 ХӘОТ); 2022 жылғы 9 тамыздағы жағдай бойынша грант алуға 25 өтінім берілді. III ағым (2022 жылғы 29 тамыз-9 қыркүйек) 95 грант жоспарланған (39 жастар, 56 ХӘОТ); IV ағым (2022 жылғы 19 қыркүйек - 30 қыркүйек) 170 грант жоспарланған (112 жастар, 58 ХӘОТ), - деп атап өтті Бақыт Бекенов.
Оның айтуыгша, порталда өтініштерді қабылдау мерзімі әр ағымда 10 (он) жұмыс күнін құрайды.
Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін Мемлекеттік грант алу үшін үміткер business.enbek.kz порталда тіркелгеннен кейін грант алуға өтініш береді. Портал арқылы грант алуға өтініш берген кезде әлеуетті кандидат оған сәйкес санаттардың бірін таңдайды, - деді Нұр-Сұлтан қаласы халықты жұмыспен қамту орталығының кәсіпкерлік бастамаларды қолдау бөлімі басшысының міндетін атқарушы.