Елімізде 34 адам коронавирустан жазылып шықты

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елімізде 34 адам коронавирустан жазылып шықты
ашық дереккөз

Қазақстандық дәрігерлер барлығы 1207 науқасты коронавирустан емдеді, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап. Инфекция жұқтырған тағы 34 науқас сауығып, ауруханадан шықты, оның ішінде: Нұр-Сұлтан қаласында - 1, Алматы қаласында - 22, Шымкент қаласында - 3, Қостанай облысында - 3, Батыс Қазақстан облысында - 1, Қарағанды облысында - 2, Қызылорда облысында - 2. Бүгін сағат 11.30 дейін елімізде жалпы 1207 адам үйлеріне шығарылды, оның ішінде: Нұр-Сұлтан қаласы – 304, Алматы қаласы – 210, Шымкент қаласы – 54, Ақмола облысы – 79, Ақтөбе облысы – 28, Алматы облысы – 30, Атырау облысы – 76, Шығыс Қазақстан облысы – 8, Жамбыл облысы – 51, Батыс Қазақстан облысы – 37, Қарағанды облысы – 79, Қостанай облысы – 11, Қызылорда облысы – 140, Маңғыстау облысы – 9, Павлодар облысы – 12, Солтүстік Қазақстан облысы – 27, Түркістан облысы – 52.