Төтенше жағдай кезінде банктер өсімақы мен айыппұл салмайды – министр
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Төтенше жағдай кезінде банктер өсімақы мен айыппұл салмайды – министр](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172122808430679697.webp)
Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев еліміздегі төтенше жағдай режимі кезіндегі «Даму» қорының жұмысы мен кәсіпкерлерге көрсетілетін қолдау жайлы қозғап өтті, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Қазіргі уақытта «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры оңайлатылған форматқа көшірілді: өтініштерді қарау, жобаларды реструктризациялау. Шешім жеке-жеке емес, бірден қабылданады. Осы бағыт бойынша 30 сәуірге дейін 3,5 млрд теңге сомаға 71 жобаға қолдау көрсетіледі. Сонымен қатар, субсидиялауға қатысты өтініштерді қарау уақыты 5 жұмыс күнінен 1 жұмыс күніне дейін қысқарды. Қазіргі уақытта шамамен 58 млрд теңгеге 250-ге тарта жоба мақұлданды», - дейді Дәурен Абаев. Ол сөз арасында кепілдік беру құралын өзгерту бойынша өтінімдерді қарау уақыты небәрі 6 сағат жұмыс уақытын құрайтынын мәлім етті. Осы бағыт бойынша «Даму» қоры 37 жобаны мақұлдады. Сонымен қатар, төтенше жағдай кезіндегі банк жұмыстарына тоқталып өтті. «Қаржы нарығын реттеу және дамыту жөніндегі агенттік қаулысы күшіне енгенін тағы да атап өткіміз келеді. Жеке тұлғалар үшін банк және микрокредит төлемдерінің мерзімі 3 айға шегерілді. Бұл ретте айыппұл мен өсім болмайды. Бұл шегеру халықтың әлеуметтік осал топтарына, әлеуметтік көмек алушыларға, ресми тіркелген жұмыссыздарға беріледі. Оған ешқандай тексеру жүргізу, дәлелдеу немесе өтініш берудің керегі жоқ. Сонымен қатар осындай көмек төтенше жағдай салдарынан табысынан айырылған кәсіпкерлерге де көрсетіледі», - дейді министр.
![Қаржылық пирамиданың басшысы Астана әуежайынан Түркияға ұшайын деп тұрған жерінен ұсталды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173935358821443800.webp)
![Астаналық зейнеткерлер оқушыларға тігіншіліктің қыр-сырын үйретті](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173935565512053547.webp)
![Астананың «Алматы» ауданына мурал салғысы келетін суретшілер шақырылады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173928680228674650.webp)
![Дәрігерлер Астанада пышақталған баланың жай-күйін айтты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/17393332385476968.webp)