Елордада алғашқы жүрек трансплантациясы күніне орай қайырымдылық жүгіру жарысы өтті
Медициналық серіктес Жүрек орталығы (Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы) болды. Ол жүгіруге қатысушыларға алғашқы медициналық көмек көрсету шатырлары мен мобильді медициналық бригаданы ұсынды.
Кардиохирургиялық орталықтың басқарма төрайымы Махаббат Бекбосынова донорлық мүшелерін трансплантациялаудан өткен, тіпті Паралимпиада ойындарына қатысқан Жүрек орталығының пациенттерін таныстырды. Ал University Medical Center басқарма төрағасы Юрий Пя жарыста жеңілгендердің жоқ екенін, қатысушылардың әрқайсысы жеңімпаз екенін айтты. Өйткені олардың барлығы – қамқор адамдар.
Қор командасы мәлімдегендей, тіркелген қатысушылардың саны күтілген деңгейге – 500 адамға жетті. Айта кетейік, 2 шақырым қашықтыққа 18 жасқа дейінгі 50-ден астам адам жүгіріге шықты. Сондай-ақ қатысушылар арасында заңды тұлғалар мен жүгіру серіктестері атынан тұтас командалар, сондай-ақ Болат Жәмішев бастаған «Қазақстан халқына» қорының командасы, алдағы IRONMAN 70.3 NUR-SULTAN 2022 қатысушылары, соның ішінде белгілі қазақстандық спортшы Серік Сәпиев және түрлі клубтардың кәсіби жүгірушілері болды.