Елімізде коронавирустан көз жұмғандардың денесі туыстарына берілмейді

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елімізде коронавирустан көз жұмғандардың денесі туыстарына берілмейді
ашық дереккөз

Қазақстанның бас санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы жария болды, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі.
Қаулымен бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетованың өзі таныстырды.
«Мен қаулыда коронавирустан көз жұмған адамдардың денесін жерлеу алгоритмін бекіттім. Осы қауіпті індеттен қайтыс болған азаматтардың мәйітін союға және туыстарына беруге болмайды. Марқұммен 30 минуттан аспайтын уақытта, кем дегенде үш метр қашықтан қоштасуға ғана рұқсат беріледі. Бұл рәсімге жақын туыстары мен бір діни қызметкер ғана қатыса алады. Жерлеу рәсімі эпидемияға қарсы шаралар ұстана отырып, өткізіледі. Бұл міндетті түрде санитарлық-эпидемиялық қызмет қызметкерлерінің қадағалауымен, жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен өтеді», - деді А.Есмағамбетова Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.
Бірнеше күн бұрын өткен брифингте Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев «елімізде коронавирустан көз жұмғандарды жерлеу механизмі дайын ба?» деген сұраққа «бізде алгортим әзірленген, ол бүкіл әлемде қабылданған нормалар мен стандарттарға сәйкес келеді» деп жауап берген болатын.