Мәңгілік ел даңғылындағы екі учаске толығымен жабылады
25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
Жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 5-8 тамыз аралығында Мәңгілік ел даңғылының Алматы көшесінен Орынбор көшесіне дейінгі бөлігінде автокөлік құралдарының қозғалысы толығымен жабылды.
Сонымен қатар, 8-12 тамыз аралығында Орынбор көшесінен Бұқар жырау көшесіне дейінгі учаскеде даңғыл толығымен жабылады.
Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұраймыз, - делінген хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар