Сәуір айында ауа райы қандай болады

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Сәуір айында ауа райы қандай болады
ашық дереккөз

Қазгидромет синоптиктері ел аумағы бойынша сәуір айына ауа райы болжамын жасады, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі.
Сәуір айында ауа райы жылы және жауын-шашынды болады. Көбінесе жаңбыр, екпінді жел мен температураның ауытқуы күтіледі.
Бірінші онкүндіктің басында температураның негізгі фоны: еліміздің солтүстігінде түнде -5+5°C, күндіз +7+18°С, оңтүстігінде түнде +5+13°C, күндіз +15+23°С, қиыр оңтүстікте +28°С құрайды.

«Онкүндіктің ортасында солтүстікте ауа температурасының түнде -3-8°С-қа дейін, күндіз +2+10°C-қа дейін, онкүндіктің соңында оңтүстікте ауа температурасының төмендеуі болжануда. Түнде термометрдің сынап бағанасы +3+8°C-қа, күндіз +10+15°С-қа дейін, шеткі оңтүстікте 22°С-қа дейін төмендейді», - делінген ақпаратта.

Екінші онкүндіктің ортасында және үшінші онкүндіктің екінші жартысында екі суыту толқыны күтіледі әрі ауа температурасы келесідей төмендейді: солтүстікте түнде -3 +7°С, күндіз +2+13°С-қа дейін; оңтүстікте түнде 0, +10°С, күндіз +12 +22°С-қа дейін.
Екінші, үшінші онкүндікте температура күндізгі уақытта солтүстік өңірлерде +17+22°С-қа дейін, оңтүстікте +25+30°С-қа дейін жоғарылайды. Қазгидромет мәліметінше, сәуір айына арналған болжам синоптикалық жағдайдың өзгеруіне қарай түзетілуі әрі онкүндік болжамдармен нақтылануы мүмкін.