Дағдарысқа қарсы шараларға ІТ-ойыншыларын тарту маңызды – А. Жұмағалиев
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Дағдарысқа қарсы шараларға ІТ-ойыншыларын тарту маңызды – А. Жұмағалиев](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172122797440572094.webp)
ҚР Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәлімдемесіне орай пікір білдірді, деп хабарлайды Елорда Инфо. «ІТ-нарық ел Президентінің осынау мәлімдемесін күткенін білемін және олар Мемлекет басшысы айтқан қолдау шараларына қуанды. Әріптестерімнің назарын әсіресе, мына екі басты мәселеге аударғым келеді. Бірінші - еңбекақы төлеу қорынан аударымдар мен салық төлемдерінен босату түрінде салаға қаржылық қолдау көрсету. Мұндай қадам IТ-компанияларға осынау қиын кезеңде жоғары санатты мамандарды ұстап қалуға, жұмыс істеуін жалғастырып, елдегі цифрландыруды ілгерлетуге мүмкіндік беретіндігіне сенімдімін»,- деп жазды министр Facebook парақшасында. Оның атап өтуінше, екіншіден, дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асыру барысына жергілікті шағын және орта бизнесті, оның ішінде ІТ-ойыншыларын тарту барынша маңызды. «Мәселен, Мемлекет басшысы Үкіметке қазақстандық ІТ-компанияларды әлеуметтік қолдауға бөлінген қаражаттың мақсатқа сай жұмсалуын мониторингілеудің тиімді тетіктерін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін платформа әзірлеуге тартуды тапсырды. ІТ-мамандарымызды осынау жұмысқа белсенді түрде қосылуға шақырамын. Бұл маңызды, дегенмен, ІТ-копаниялар өздерінің лайықты екендіктерін паш етуге мүмкіндік беретін бір ғана кейс еместігіне сенімдімін», - деді Асқар Жұмағалиев.
![Қаржылық пирамиданың басшысы Астана әуежайынан Түркияға ұшайын деп тұрған жерінен ұсталды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173935358821443800.webp)
![Астаналық зейнеткерлер оқушыларға тігіншіліктің қыр-сырын үйретті](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173935565512053547.webp)
![Астананың «Алматы» ауданына мурал салғысы келетін суретшілер шақырылады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173928680228674650.webp)
![Дәрігерлер Астанада пышақталған баланың жай-күйін айтты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/17393332385476968.webp)