00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордада кәмелет жасына толмаған балалардың ісі қаралды

Елордада кәмелет жасына толмаған балалардың ісі қаралды
ашық дереккөз

Шәкәрім Құдайбердіұлы атындағы мектеп-лицейінде өткен отырысқа білім, денсаулық, жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғау, құқық саласы бойынша мемлекеттік қызметкерлер қатысты. 

Күн тәртібінде елорда аудандарының полиция қызметкелері кәмелеттік жасқа толмаған 3 баланың ісі бойынша баяндама ұсынды. Қаралған мәселелерде ата-ананы тыңдамау, көшеде бұзақылық жасау немесе ата-ананың бала өміріне жауапкершілік алмау деректері болды. 

Комиссия мүшелері әр баланың құқығы мен болашағы туралы талқылады. Жиынға қатысқан ата-ана мен балаға сұрақтар қою арқылы ортақ шешім шығарды. 

Комиссия мүшелері қабылдаған шешімнің дұрыс әрі бала мен ата-анаға оңтайлы болғаны үш айдан кейін белгілі болады. 

Сондай-ақ, отырыста  деструктивті діни ағымдарға тарту мен суицидтің алдын алу, медициналық әлеуметтік көмек көрсету туралы комиссия мүшелерінің есебі тыңдалды.