Тапсырысы жарты жыл орындалмаған елордалықтар шу шығарды
15 тамыз, 2024
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Тапсырысы жарты жыл орындалмаған елордалықтар шу шығарды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172107171229352303.webp)
ашық дереккөз
Жиналғандардың алды 700 мың, ең азы 300 мың теңгеден санап бергендерін айтады. Олар құзырлы орындарға бір емес, бірнеше рет шағымданған. Тіпті, соның негізінде полиция іс те қозғаған. Бірақ ол іс көп ұзамай тоқтап қалған көрінеді.
«Алматы аудандық полиция бөлімінде «Версаль Компаниясы» ЖШС-на қатысты қылмыстық іс тіркеліп, тергеу нәтижесімен тоқтату туралы шешім қабылданған. Аталған шешіммен аудандық прокуратура келіскен. Тергеу нәтижесімен аталған ЖШС-нің директоры Владимир Кимнің алдын ала алаяқтық қылмыстық іс жасауға бағытталған ниетінің анықталмауына байланысты, оған қатысты қылмыстық іс тоқтатылады», - деді Нұр-Сұлтан қаласы Алматы аудандық ПБ Тергеу бөлімінің аға тергеушісі Сұлтанбек Нұржігіт.
Жиһаз жасайтын серіктестік жұмысын тоқтатпаған. Қазір де тапсырыстарды қызу қабылдап жатыр. Ал басшысы өзін алаяқпын деп санамайды.
«Осында тұрған жапа шеккендерді 2019 жылдан бері білемін. Жұмыстың тоқтауына қаржылай қиындықтар себеп болды. Бірақ қазір біз оны шештік. Мәселені шешкен кезде тұтынушылар бізден жиһазды талап ете бастады. Бірақ уақыт аз болғандықтан, жартысын ғана жасап үлгердік», - дейді кәсіпкер Владимир Ким.
Ұқсас жаңалықтар