Тұран және Қабанбай батыр даңғылындағы Bus Lane қайта іске қосылды
25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
Цифрландыру және мемлекеттік қызметтер басқармасы мәлім еткендей, бүгін сағат 15.00-де М-1 көпіріндегі жол төсемі жөндеу жұмыстарының аяқталуына байланысты Тұран және Қабанбай батыр даңғылы бойындағы автобус жолағының қозғалысын тіркеу қайта басталды.
Еске сала кетейік, жөндеу жұмысына байланысты Бауыржан Момышұлы даңғылынан бастап Мәңгілік Ел даңғылы мен Сарайшық көшесінің қиылысындағы көлік айырымына дейінгі аралықта көлік қозғалысы уақытша жартылай жабылған болатын. Қала тұрғындары мен қонақтарына ыңғайлы болу үшін осы аралықта Тұран және Қабанбай батыр даңғылында Bus Lane қозғалысы тоқтатылды.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 15:52
Елордалық вундеркинд оқушыға Асқар Жұмаділдаев 100$ сыйға тартты
Бүгін, 15:16
Отбасында жанжал шығарған 9 мыңға жуық елордалық есепке алынды
Бүгін, 14:37
Астанадан Абай облысына көшкісі келетін азаматтардан өтінім қабылданып жатыр
Бүгін, 14:01
LRT станцияларының негізгі құрылыстары аяқталды