Елімізде коронавирус жұқтырған тағы 72 адам тіркелді

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елімізде коронавирус жұқтырған тағы 72 адам тіркелді
ашық дереккөз

Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстандағы коронавирус бойынша 5 мамырдың 10:00 уақытындағы эпидемиологиялық жағдайды жариялады, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. Коронавирус індетін жұқтырған тағы 72 жағдай тіркелді: Атырау облысында - 9, Батыс Қазақстан облысында – 4, Қызылорда облысында - 2, Маңғыстау облысында - 10, Түркістан облысында - 11, Алматы қаласында - 17, Нұр-Сұлтан қаласында - 17, Шымкент қаласында - 2. Қазақстан бойынша барлық індет жұқтырғандар саны - 4121. Оның ішінде: Нұр-Сұлтан қаласы – 723, Алматы қаласы – 1335, Шымкент қаласы – 215, Ақмола облысы – 101, Ақтөбе облысы – 160, Алматы облысы – 156, Атырау облысы – 202, Шығыс Қазақстан облысы – 30, Жамбыл облысы – 158, Батыс Қазақстан облысы – 198, Қарағанды облысы – 159, Қостанай облысы – 50, Қызылорда облысы – 216, Маңғыстау облысы – 84, Павлодар облысы – 150, Солтүстік Қазақстан облысы – 30, Түркістан облысы – 154.