00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордалық кәсіпкер бір айда 100-ге жуық душ кабинасын жасайды

Елордалық кәсіпкер бір айда 100-ге жуық душ кабинасын жасайды
ашық дереккөз

Қымбат Диханбекқызы – математика пәнінің мұғалімі. Тоғыз жыл бойы білім саласында еңбек еткен ұстаздың кәсіпкерлікке келуіне қарапайым үй жөңдеу барысындағы қажеттілік себеп болған.

Менің жолдасым – ағаш ұстасы, құрылысшы әрі сантехник маманы. Біз шамамен 5 жыл бұрын үйімізге жөңдеу жұмыстарын жүргіздік. Жуынатын бөлме кең болмағандықтан, бізге тек бөлме өлшеміне сәйкес душ кабинасы қажет болды. Қала бойынша шыны және оны қатайтуға арналған пеш пен қосалқы бөлшектерді сатып алдық. Осылайша алғаш рет өзіміздің үйімізге душ кабинасын жасадық, - дейді кәсіпкер.

Осылайша оларға алғашқы тапсырыс жақын таныстары арқылы түсе бастаған. Бірақ қажетті қоңдырғылардың болмауынан бір тапсырысты толық дайындау үшін бір апта уақыт қажет болған. Душ кабиналарына сұраныс артқан кезде ерлі-зайыптылар кәсіпкерлікпен толыққанды айналысуды жөн санаған.

2020 жылы әлеуметтік желіден мемлекеттік грант туралы оқыдым. «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасына тіркеліп, бизнес негіздері бойынша курсқа қатыстым. Оқуды аяқтаған соң бизнес жоспар дайындадым. Былтыр мемлекет тарапынан қаржылай қолдау алу үшін қажетті құжаттарымды жинадым. «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы арқылы грантқа ие болдым. Ол қаржыға  шыныны қажеттілігіне қарай кесетін станок алдым. Мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған қаржылай көмек – кәсібін енді бастаған жандар үшін үлкен мүмкіндік ,- дейді Қымбат Даурбаева.

Бүгінде елордалық кәсіпкер душ кабинасына қажетті шыныны Ресейден, ал қосымша құралдарды Қытайдан алдырады. Тапсырысты дайындайтын цехта 7 адам жұмыс істейді. Олар кез келген өлшемде душ кабинасын жасап береді.

Қазір үй шаруасындағы қажеттіліктен туындаған бизнес жоспар сұранысқа ие. Қала тұрғындарынан әртүрлі дизайндағы душ кабиналары мен айналарға тапсырыс түсіп жатыр.