Елордада триатлоннан Азия чемпионаты кезінде жолдар жабылады
Жарыс аясында Pro және Age Group санатындағы спортшылар мен Temiradam Challenge арасында әуесқойлар арасында 1500 метрге жүзуде TEMIRADAM кубогының V кезеңі 2+1 эстафетасында өтеді.
Жарысқа 13 елден 100-ден астам спортшы қатысады. Олардың арасында – Үндістан, Қытай, Жапония, Бахрейн, Тайбэй, Гонконг, Таиланд, Корея, Қырғызстан, Өзбекстан, Үндістан, Макао, Филиппин, Иран және Қазақстаннан келген ең мықты триатлоншылар бар. Чемпионатта біздің елімізден 15 спортшы бақ сынайды.
Жасөспірімдер арасындағы алғашқы жарыстар (U23 және U17-19) 23 шілдеде 7:00-де өтеді. Ал 24 шілде күні таңғы сағат 8: 00-де әуесқой спортшылар арасында мықтылар анықталады.
Чемпионатты өткізу кезінде қаладағы көшелердің бір бөлігі жабылады. Сенбі, 23 шілде – сағат 5:00-ден 16:00-ге дейін – кәсіби спортшылардың жүгіру уақыты.
Жексенбі, 24 шілде – 7:00-ден 11:30-ға дейін, әуесқой қатысушылар жүгіреді.
Маршрут келесі көшелермен өтеді: Бауыржан Момышұлы даңғылы (Тоқпанов көшесінен Қошқарбаев көшесіне дейін) – Сарайшық көшесі (Бауыржан Момышұлы даңғылынан М – 1 көпіріне дейін) – Шарль де Голь көшесі – Шалқыма көшесі (Бауыржан Момышұлы даңғылынан М – 1 көпіріне дейін) – Бауыржан Момышұлы даңғылы.