Еліміздегі барлық театрлар қойылымдарын онлайн-режимде көрсетуде - министр

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Еліміздегі барлық театрлар қойылымдарын онлайн-режимде көрсетуде - министр
ашық дереккөз

Елде төтенше жағдай жарияланған күннен бастап Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты ұжымдардың барлығы онлайн режимдегі жұмыс тәртібіне көшті. Қазір елдегі барлық театрлардың қойылымы интернат арқылы көрсетіліп жатыр, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Барлық республикалық театрлар кестеге сәйкес, күн сайын қойылымдарын онлайн-режимде өз сайттарында, Youtube арналарында және әлеуметтік желілерде көрсетеді. Жалпы республика бойынша мәдениет мекемелерінің қызметкерлерінің 90% қашықтан жұмыс режиміне ауыстырылды», деді Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова ОҚК өткен брифингте. Ведомство басшысының айтуынша, күн сайын таңғы 8-ден кешкі 9-ға дейін мәдениет пен спорт өкілдері қазақстандықтарға үйден шықпай бой жазу жаттығуларын жасап, түрлі кездесулер, онлайн-лекциялар, оқып келеді. Кешкі уақытта мәдениет майталмандары көрермендерімізге әсем әндері мен әуезді күйлерін, кино және театр қойылымдарын тарту етуде. Жалпы, министрліктің бастамасымен қолға алынған жаңа форматтағы жұмыс тәртібі бүгінде жалғасып, қазір жергілікті өнерпаздардың қатысуымен онлайн-кездесулер, лекциялар, концерттер өтіп жатыр. Соңғы 10 күн ішінде 600-ге жуық онлайн нұсқада шаралар өткізілді.