Астана колледждеріндегі оқу ақысын төлеу мерзімі ұзартылды
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Астана колледждеріндегі оқу ақысын төлеу мерзімі ұзартылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172120759818748350.webp)
Елордадағы колледждердің әкімшіліктеріне түскен өтініштер ескеріліп, барлық студенттерге оқу ақысын төлеу мерзімі ағымдағы жылдың тамыз айына дейін ұзартылды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова мәлімдеді, деп хабарлайды Елорда Инфо. Басқарма басшысының мәліметінше, оқу құны – мамандық түріне байланысты жылына 80 мың теңге мен 320 мың теңге аралығындағы сома. Оқу ақысын төлей алмайтын студенттердің жалпы саны 1 015 адамды құраған. Жалпы, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша техникалық және кәсіптің білім беру ұйымдарының саны – 35. Оның 12-сі мемлекеттік болса, 23-і жеке меншік колледж. Барлығы 22 661 студент білім алуда. Ал оқытушылар саны – 1 535. Естеріңізге салсақ, 16 наурыздан бастап қаланың барлық колледждері қашықтықтан оқытуға көшкен болатын. Қазіргі уақытта колледждер ААЖ "Platonus", Google Classroom, Edupage платформаларында жұмыс істейді. Оқу процесі белгіленген оқу жүктемесіне, оқу жұмыс жоспарына, оқу бағдарламаларына, сабақ кестесіне сәйкес жүргізіледі. «Білім алушыларға мемлекеттік стипендия ай сайын төленуде және төлем карталарына тамақтану үшін ақша аударылып отыр. Басқа қалада тұратын 9 172 (40,5%) студенттер тұрғылықты жеріне жіберілді. Бүгінгі таңда колледждердің жатақханасында жетім және ата-анасының қарауынсыз қалған 50 студент қалып, оқуларын жалғастыруда. Басқарма тарапынан ол балаларға әлеуметтік көмек көрсетілуде», – деді басқарма басшысы.
![Астаналық зейнеткерлер оқушыларға тігіншіліктің қыр-сырын үйретті](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173935565512053547.webp)
![Астананың «Алматы» ауданына мурал салғысы келетін суретшілер шақырылады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173928680228674650.webp)
![Дәрігерлер Астанада пышақталған баланың жай-күйін айтты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/17393332385476968.webp)
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)