Дәурен Абаев жаңа қызметке тағайындалды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Дәурен Абаев жаңа қызметке тағайындалды
ашық дереккөз

Дәурен Абаев Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне қызметке тағайындалды, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. «Мемлекет басшысының Жарлығымен Дәурен Әскербекұлы Абаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі қызметінен босатылды», - делінген Жарлықта. Бұған қоса, Дәурен Абаевты Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары қызметіне тағайындау туралы Жарлық шықты. «Дәурен Әскербекұлы Абаев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалсын», - делінген құжатта.