Онлайн шахмат ойынында Қазақстан Сингапурді жеңді

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Онлайн шахмат ойынында Қазақстан Сингапурді жеңді
ашық дереккөз

Қазақстан мен Сингапурдың жас шахматшылары онлайн матч өткізді, деп хабарлайды Елорда Инфо Prosports.kz-ке сілтеме жасап. Ойынға екі тараптан 20 шахматшы (12, 14, 16, 18 және 20 жасқа дейін) қатысты. Қазақстан ұлдар командасы сингапурлік құрдастарын 5,5:4,5 есебімен жеңді. Ал қазақстандық қыздардың жеңісі сенімдірек болды - 8.5:1.5. Матчтың жалпы есебі – 14:6. Жеңіс Қазақстан құрамасының үлесінде.