Елордада масаларға қарсы дезинсекциялық жұмыстар жалғасып жатыр
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Елордада масаларға қарсы дезинсекциялық жұмыстар жалғасып жатыр](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172120761436545669.webp)
Нұр-Сұлтанда күн сайын масалар мен басқа жәндіктерге қарсы дезинсекциялық жұмыстар жүргізілуде, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап. Жұмыс екі ауысымда атқарылып жатыр. Биыл масалардан аумақты өңдеу жоспары 20%-ке, су қоймаларын өңдеу 25%-ке артты. «Аумақты өңдеу роторлы бүріккіштермен де, машиналармен де жүргізіледі. Барлық ауданды қамтып отырмыз. Бірінші кезекте су қоймалары, жертөле жайлары өңделді. Қала ішін өңдеуге кірістік. Жұмыстар күн сайын жүргізіледі», - деп атап өтті мамандар. Су қоймаларын, қаланың кварталішілік аумақтарын, жалпы қолданыстағы аумақтарды (көшелер, саябақтар, скверлер) өңдеуге ерекше көңіл бөлінеді. Масалармен күрес тиімді болу үшін тұрғын үй жертөлелерін, мектеп, балабақша аумақтарын, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт нысандарын, базарларды, сауда үйлері мен тағы басқасын зарарсыздандыру маңызды.
![Астаналық зейнеткерлер оқушыларға тігіншіліктің қыр-сырын үйретті](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173935565512053547.webp)
![Астананың «Алматы» ауданына мурал салғысы келетін суретшілер шақырылады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173928680228674650.webp)
![Дәрігерлер Астанада пышақталған баланың жай-күйін айтты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/17393332385476968.webp)
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)