Асқар Мамин: 1 мамыр – береке-бірлігіміздің символы
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Асқар Мамин: 1 мамыр – береке-бірлігіміздің символы](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172120767246618653.webp)
Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин ел тұрғындарын Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Құрметті отандастар, баршаңызды 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтаймын! Бүгінгі мереке біздің ең асыл құндылығымыз – береке-бірлігіміздің символы. Көпұлтты қоғамның ынтымағының арқасында Қазақстан өзінің ықылым заманғы тарихында талай қиыншылықты еңсеріп, кемел келешегіне нық қадам басып келеді. Халқымыздың ауызбіршілігі қазіргідей күрделі кезеңдегі сынақтан да сүрінбей өтіп, біздің ортақ шаңырағымыз – Қазақстан Республикасының даму жолын жалғастыруға мүмкіндік беретініне сенімдімін. Қазақстандықтарға, әрбір отбасына зор денсаулық, өзара сыйластық, бейбіт өмір мен игілік тілеймін!», - деді Үкімет басшысы.
![Астаналық зейнеткерлер оқушыларға тігіншіліктің қыр-сырын үйретті](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173935565512053547.webp)
![Астананың «Алматы» ауданына мурал салғысы келетін суретшілер шақырылады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173928680228674650.webp)
![Дәрігерлер Астанада пышақталған баланың жай-күйін айтты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/17393332385476968.webp)
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)