Елордада халық саны 1,2 миллионға жуықтады
15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, қазір бас шаһарда әйелдердің үлесі басым (52 пайыз) екен. Ал ерлер – 48 пайыз. Бұл ретте былтыр елордаға 672 адам көшіп келсе, 1400-ден астам тұрғын шетелге кеткен. Ал биыл 749-ы көшіп кетсе, шетелден 315 адам келіп отыр.
«Негізі ТМД мемлекеттеріне көшіп кету үлесі 72 пайызды құраса, көшіп келушілердің үлесі – 48 пайыз. Елордаға көшіп келушілердің басым көпшілігі Ресей Федерациясынан, Өзбекстаннан, Қырғызстаннан, алыс шетелдер ішінде Қытайдан, Түркиядан және Моңғолиядан келіп жатады», - дейді Ұлттық статистика бюросының баспасөз хатшысы Әсем Алданғарқызы.
Ұқсас жаңалықтар