00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордада сұлулық салонынан ақша ұрлап кеткен күдікті ұсталды

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада сұлулық салонынан ақша ұрлап кеткен күдікті ұсталды
ашық дереккөз

27 жастағы жігіт түскі уақытта Желтоқсан көшесіндегі сұлулық салонына ерлер шеберінің қызметін алу үшін барған. Алайда салонға кірген ол жұмысшылардың жоқтығын көріп, осы сәтті пайдаланып, кассаның ақшасы сақталған шкафтан әмиянды ұрлап алып шыққан, - делінген хабарламада.

Сарыарқа ауданының полиция қызметкерлері жедел іздестіру іс-шаралары барысында күдіктіні ұстады. Ұрланған ақша салон иесіне қайтарылды. Аталған факті бойынша «Ұрлық» бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.