Пушкин көшесіндегі учаске жартылай жабылады

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Пушкин көшесіндегі учаске жартылай жабылады
ашық дереккөз

Жол жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты биыл 1-8 қыркүйек аралығында Пушкин көшесінің әл-Фараби даңғылынан №69 көшеге дейінгі аралығы көлік қозғалысы үшін жабылатын болады.

«Қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін елорда тұрғындары мен қонақтары қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне түсіністікпен қарауды сұраймыз», – делінген көлік басқармасының хабарламасында.