Алтай Көлгінов Дүниежүзілік гимназиада жеңімпаздарымен кездесті
25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
Бүгін XIX жазғы Дүниежүзілік гимназиаданың жеңімпаздарымен, жүлдегерлерімен кездестім. Оқушыларымыз Гимназиадаға (Нормандия, Франция) алғаш рет қатысып, спорттың бірнеше түрінен керемет нәтиже көрсетті: жүзу, жеңіл атлетика, дзюдо, еркін күрес, семсерлесу, көркем гимнастика, садақ ату, бокс, грек-рим күресі, күрес және т.б. Елорданың 16 оқушысы жүлделі орындарға ие болды. Ал Қазақстан ұлттық құрамасы үздік үштікке енді.
Айта кететінім, әр баланың өзіндік таланты бар: бірі мектептің нақты бір пәніне бейімді болса, енді бірі спортқа, шығармашылыққа құштар болып келеді. Қандай нәтижеге жетсе де балаларға қолдау көрсетіп, әлеуетін ашуына көмектесу керек. Ал мемлекет тарапынан түрлі қолдау көрсетіледі, – деді А.Көлгінов.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 17:35
Астана әкімі экосенбілікке қатысқан тұрғындарға алғыс айтты
Бүгін, 15:12
5 мыңнан астам елордалық кәсіпкер ауқымды экологиялық сенбілікке қатысты
Бүгін, 14:24
Елордада Бараев пен Уәлиханов көшесінің қиылысы ішінара жабылады
Бүгін, 13:31
Жәрмеңке: Ақтөбе, Атырау және Жамбыл облыстарының шаруалары Астанаға өз өнімдерін әкелді