Елордалық ҚХА: Бір дастархан басындағы татулық пен бірлік
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Елордалық ҚХА: Бір дастархан басындағы татулық пен бірлік](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172120768849988553.webp)
Қазақстан халқы Ассамблеясы этномәдени орталықтары елордалық хатшылығының өкілдері ас әзірлеу акциясын бастады, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап. Карантин кезінде үйде әр этнос өзінің дәстүрі және мәдениетімен ерекшеленетін ұлттық тағамдарын дайындау жолдарын көрсетеді. Акция Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған. Іс-шара мақсаты – ұлттық аспаздық дәстүрлерді кеңінен насихаттау, сонымен қатар елдегі ұлтаралық келісім мен татулықты нығайту. Алғашқы болып бұл акцияны дүнген этномәдени орталығы өкілдері қолдады. Мұса Камалов Қазақстанда көп әзірленетін тағам - лағманды дайындау рецептімен бөлісті. Оның айтуынша, лағманды жасау әдісінде айырмашылық көп емес, бірақ соған қарамастан, дүнген, өзбек және тәжік лағманы өзінше бөлек. Дүнген лағманы тек қызыл етті (қой, сиыр еті), жусай өсімдігінің жапырақтары мен тёхо ұлттық дәмдеуішін қосумен ерекшеленеді. Бірақ гарнир үшін кесілген не жайылған кеспе емес, тек қолмен созылған кеспе қолданылады. Аталған акцияға армян, поляк, славян, әзербайжан және басқа да этномәдени орталық өкілдері қолдау білдірді. Сондай-ақ аспаздық челлендж әрбір ас үй қожайынына өз мәзірін байытып, отбасын жаңа тағамдармен қуантуға, басқа этностардың мәдениетін тереңірек тануға мүмкіндік береді. Бүгінде Нұр-Сұлтанда 130-дан астам өзге ұлт өкілдері тұрады. Қалада 23 этномәдени бірлестік жемісті жұмыс жасап келеді. Елордалық ҚХА өкілдерінің айтуынша, мұндай челлендж Қазақстанда түрлі этномәдени бірлестік өкілдерінің бейбітшілік пен татулықта өмір сүріп жатқанының тағы бір дәлелі. Бір дастархан басында әртүрлі ұлттың тағамдары әдемі үйлесім табады. ҚХА өкілдері бұл эстафетаны барлық қазақстандыққа жолдайды.
![Астаналық зейнеткерлер оқушыларға тігіншіліктің қыр-сырын үйретті](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173935565512053547.webp)
![Астананың «Алматы» ауданына мурал салғысы келетін суретшілер шақырылады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173928680228674650.webp)
![Дәрігерлер Астанада пышақталған баланың жай-күйін айтты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/17393332385476968.webp)
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)