Астанада жаңа қоғамдық кеңістік ашылады
Тарбағатай мен Құсмұрын көшелерінің арасында демалыс аймағы, уоркаут-аймақ, инклюзивті ойын алаңы, көлеңкелі шатыр және сахна пайда болады.
Жергілікті тұрғындардың белсенді демалысы үшін теннис және шахмат үстелдерін орналастыру жоспарлануда. Серуендеу және демалу үшін қолайлы орта жасай отырып, көгалдандыру қарастырылған. Аудан тұрғындары бұл қоғамдық кеңістікті "Қорғалжын саябағы" деп атауды ұсынды, өйткені бұл ауданда осы ауылдың тұрғындарының басым бөлігі тұрады.
Естеріңізге сала кетейік, аудан белсенділері аталған аумақты абаттандыру туралы өтініштерін айтқан болатын. Жергілікті тұрғындардың қалалық Урбанистика орталығының басшысы Елнар Базыкен және аудан әкімдігі өкілдерімен кездесулерінен кейін барлық тілектер мен ұсыныстарды ескере отырып, бірлескен тұжырымдама әзірленді.
Айта кетейік, “Нұр-Сұлтан – жайлы қала" мастер-жоспары бойынша биыл 200-ден аса қоғамдық және аула кеңістіктерін абаттандыру жоспарланып отыр.