00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

«Шаттық-2022» шығармашылық байқауының қорытындысы белгілі болмақ

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
«Шаттық-2022» шығармашылық байқауының қорытындысы белгілі болмақ
ашық дереккөз

Гала-концертте байқаудың үздіктері өнер көрсетеді.

Айта кетейік, іріктеу турлары елорданың 8 жерінде өтті. Қазылар алқасының алдында қаланың 115 білім беру мекемесінен 4 мыңнан астам оқушы өнер көрсетті.

Байқау күндері шығармашылық ұжымдар мен жеке орындаушылар «Хореография», «Аспаптық жанр/жеке орындаушылық», «Аспаптық жанр/ансамбльдер», «Вокалдық жанр/жеке орындаушылық», «Вокалдық жанр/ансамбльдер», «Хор», «Театр өнері», «Вокал жанры/ансамбльдер», «Фотография», «3D модельдеу» номинацияларында сынға түсті.

Қазылар алқасы талантты жастардың дайындық деңгейін жоғары бағалады.

Биылғы жылды Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев балалар жылы деп жариялады, оның аясында бізде XV «Шаттық-2022» балалар мен жасөспірімдер арасында фестиваль-байқауы өтуде. №1 Балалар музыка мектебінде жеке, эстрадалық, академиялық вокал, дәстүрлі ән номинациялары бойынша іріктеу туры өтті. Оған жалпы білім беретін мектептердің, колледждердің 153 оқушысы қатысты. Балалар жоғары деңгейде дайындалды, - деді Нұр-Сұлтан қаласының №1 Балалар музыка мектебінің директоры Болат Қыдырманов.

Қола және күміс жүлдегерлердің есімі байқау аяқталғаннан кейін белгілі болды. Әр номинация бойынша жеңімпаздар мен «Шаттық-2022» гран-при иегері гала-концертте жарияланады.