Елордада мәдениет және спорт кешендері жөндеуден өтеді
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Елордада мәдениет және спорт кешендері жөндеуден өтеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172120779143142599.webp)
Нұр-Сұлтанда бірқатар мәдени-спорттық кешен жөндеуден өтеді, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында «Жастар сарайы» МКҚК-да күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Көпфункционалды кешен 46 жыл бұрын салынды. Ғимаратта күрделі жөндеу жұмыстары алғаш рет жүргізіліп жатыр. Жастар сарайының жалпы ауданы 13 мың шаршы метрді құрайды. Қала әкімі Алтай Көлгінов жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Кешенді күрделі жөндеуден өткізгеннен кейін онда волонтерлік орталық, коворкинг-орталық, фитнес-орталық, кітапхана, шығармашылық клубтар, құқықтық көмек көрсету және жұмыс іздеу үшін кеңес беру орны мен тағы басқа орталық ашу жоспарланып отыр. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы орталық стадион, ал мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында «Қазақстан» спорт кешені жөндеуден өтеді. Бағдарлама аясында Нұр-Сұлтанда 15 мың жұмыс орны ашылады.
![Астаналық зейнеткерлер оқушыларға тігіншіліктің қыр-сырын үйретті](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173935565512053547.webp)
![Астананың «Алматы» ауданына мурал салғысы келетін суретшілер шақырылады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173928680228674650.webp)
![Дәрігерлер Астанада пышақталған баланың жай-күйін айтты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/17393332385476968.webp)
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)