Елордалық өрт сөндірушілер балаларға экскурсия ұйымдастырды (ФОТО)
15 тамыз, 2024
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Елордалық өрт сөндірушілер балаларға экскурсия ұйымдастырды (ФОТО)](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/17210696359558627.webp)
ашық дереккөз
Кездесуге қалалық №36 «Балапан» балабақшасының және «SOS» балалар ауылының тәрбиеленушілері қатысты.
Балаларға №2 Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімшесінің аумағында өрт сөндіру техникаларының және құтқарушылардың күнделікті жұмысының көрсетілімін, сонымен қатар Өрт сөндірушілер мен құтқарушылар мұражайына экскурсия жасалды.
Аталмыш іс-шараларды департаментте өткізудің маңызы зор. Себебі бұл балаларға құтқарушы сияқты абыройлы мамандықтың қыр-сырын көрсетумен қатар, балалардың өрт қауіпсіздігін сақтау шараларын түсіндіріп, көрсететін бірден-бір шара.
Ұқсас жаңалықтар