Нұр-Сұлтан - Алматы әуе рейстеріне қандай талаптар қойылады

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Нұр-Сұлтан - Алматы әуе рейстеріне қандай талаптар қойылады
ашық дереккөз

Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен екі мегаполис арасындағы әуе рейстеріне қандай талаптар қойылатынын айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Бірінші мамырдан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматы арасында әуе қатынасы жаңғыртылады. Бастапқы кезеңде ұшу жиілігі күніне 4 рейсті құрайды. Рейстер күшейтілген санитарлық талаптар арқылы жасалады. Жолаушылар саны аз болады және олар салонда бір-бірінен алыс отырғызылады. Әуежай барлық санитарлық – эпидемиологиялық талапты сақтай отырып, тәулік бойы жұмыс істейді. Қазір әуежай дайын. Ал жолаушылар ұшу үшін коронавирусқа алдын ала тест тапсыруы керек. Тестті «Олимп» зертханалар желісі мен басқа бірқатар ұлттық орталықта тапсыруға болады. Бұл туралы толық ақпаратты алдағы уақытта береміз», - деді Бақтияр Мәкен Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.