00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Биыл iKOMEK109 қалалық орталығына 661 мыңнан астам өтініш түсті

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Биыл iKOMEK109 қалалық орталығына 661 мыңнан астам өтініш түсті
ашық дереккөз

Өтініштерге қарағанда елорда тұрғындарын негізінен денсаулық сақтау, қоғамдық көлік және абаттандыруға қатысты мәселелер алаңдатады.

Қалалық орталықтың бейнебақылау инспекторлары тәулік бойы iKOMEK109 жағдаяттық орталығына интеграцияланған 16 мыңнан астам бейнебақылау камерасының көмегімен қала тұрғындарының қауіпсіз әрі жайлы өмір сүруі үшін мониторинг жүргізіп отырады.

Қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығының қардың уақытылы шығарылуын мониторингілеуі және бақылауы нәтижесінде коммуналдық қызметтер қала мен тұрғын үй алаптарының аумағындағы қарды уақытылы тазалап, шығарады, – деді iKOMEK109 қалалық орталығының басшысы Жаннат Дүбірова.

Бейнебақылау камералары арқылы жолдар мен аулаларды су басқан жерлер анықталған жағдайда, жедел түрде оқиға орнына су сорғыш техника аттандырылады.

Еске сала кетейік, iKOMEK109 бірыңғай байланыс орталығына жүгіну жолдары:

- 109 нөміріне қоңырау шалу (қалалық және мобильді телефондар үшін тегін)

- қала әкімдігінің ресми сайты http://www.astana.gov.kz/;;

- Telegram чат-боты (t.me/nursultanikomek109_bot);

- iKOMEK109 мобильді қосымшасы (PlayMarket/AppStore);

- Smart Astana мобильді қосымшасы (PlayMarket/AppStore);

- Facebook, Instagram әлеуметтік желілерінде @ikomek109-ды белгілеу;

- 109@ikomekastana.kz электрондық поштасы.