42 500 теңгені үйден шықпай-ақ, Telegram-бот арқылы рәсімдеуге болады

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
42 500 теңгені үйден шықпай-ақ, Telegram-бот арқылы рәсімдеуге болады
ашық дереккөз

Елімізде жарияланған карантинге байланысты табысынан айырылған азаматтарға берілетін көмекті Telegram бот арқылы рәсімдеуге болады. Telegram-бот бүгіннен бастап жұмыс істей бастайды.деп хабарлайды Елорда Инфо. Telegram бот арқылы ТЖ кезінде әлеуметтік төлем алуға нұсқаулық: 1 Telegram-нан EgovKzBot2.0 өтіңіз. 2️ «Төтенше жағдай кезінде 42 500 төлеу» қызметін таңдаңыз. 3️ Өтінішті қалыптастыру үшін қажетті деректерді толтырыңыз. 4️ Өтініш «Еңбек нарығы» ақпараттық жүйесіне келіп түсіп, 1 күн ішінде деректер тексеруден өтеді (бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілердің өтініштері тексеруден өтпейді). 5️ Ақпарат «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-қа өтінішті өңдеу үшін «Е-Макет» ақпараттық жүйесіне 1 күн ішінде түседі. 6️ «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ жәрдемақы тағайындау және төлеу үшін МӘСҚ-ға өтініш жібереді. 7️ Telegram-ға әлеуметтік төлемнің тағайындалуы туралы жауап жіберіледі. Төлемді жүзеге асыру ЕДБ-дағы төлем алушының шотына аудару арқылы жүргізілетін болады.