00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Биыл апатты жағдайдағы үйлерден 300-ден аса отбасы көшіріледі

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Биыл апатты жағдайдағы үйлерден 300-ден аса отбасы көшіріледі
ашық дереккөз

Бүгін азаматтарды қабылдау барысында апатты жағдайда тұрған үйлерді бұзу мәселесі көтерілді. Бүгінге дейін біз Ы.Дүкенұлы, 21, Уголная, 12а (қазір әл-Фараби, 27) және т.б. мекенжайларында орналасқан апатты үйлерге барып, жағдайды көрдік. Бұл үйлердің тозығы жеткен, сумен, электрмен жабдықтауда проблемалары бар, шатырынан су ағып тұр, – деп жазды А.Көлгінов өзінің Instagram-парақшасында.

Әкімнің айтуынша, апатты жағдайдағы үйлердің тұрғындарын көшіру жұмысы жалғаса береді.

Биыл апатты жағдайда тұрған үйлерден 300-ден астам отбасын көшіруді жоспарлап отырмыз. Соңғы үш жылда тозығы жеткен үйлерден 700-ге жуық отбасын көшірдік, – деді ол.

Қазіргі таңда тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін тұрғын үй кешенін жөндеу, лифтілерді ауыстыру, жеңілдікпен берілетін әлеуметтік тұрғын үй салу, құрылысы ұзаққа созылған нысандарды аяқтау бойынша жұмыс жүріп жатыр.