00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Нұр-Сұлтанда протездік-ортопедиялық бұйымдар өндірісі іске қосылды

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Нұр-Сұлтанда протездік-ортопедиялық бұйымдар өндірісі іске қосылды
ашық дереккөз

Басқарманың ұсынымы негізінде іске қосылған МЖӘ аясында модульдік цех салынды, ол Нұр-Сұлтанда протездік-ортопедиялық көмек көрсету орталығын құрудың алғашқы қадамы болып саналады, сондықтан елордада тұратын мүгедек жандар Қазақстанның басқа өңірлеріне бармай-ақ толық қызмет түрін ала алады.

Технологиялық процесте арматуралайтын материал және т.б. сияқты қалдықтарды қайта өңдеу кезінде алынатын бағалы материалдық ресурстар пайдаланылатын болады.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен жекеменшік әріптестер оңалтудың техникалық құралдары және протездік-ортопедиялық бұйымдар саласындағы әлемдік көшбасшы – Ottobock (Германия) неміс концернімен келіссөздер жүргізді. Өз кезегінде олар елордалық жобаны қолдап қана қоймай, оны жүзеге асыруға белсенді қатысуда. Нәтижесі ұзаққа созылмады: алғашқы пациенттер аяғынан тік тұрып қалыпты өмірге қайта келді.

Енді ottobock протездері бойынша көмек көрсету Қазақстан астанасында да болады. Бұл ретте жоба бұйымдарды өндіру кезінде қайта өңделген шикізатты пайдаланудың арқасында қала экологиясын жақсартуға үлкен үлес қосады.