00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордада ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтіп жатыр

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтіп жатыр
ашық дереккөз

Бұл елордадағы бірінші және жыл бойы жұмыс істейтін жалғыз жәрмеңке. Мұнда азық-түліктер әр облыстан келеді. Мәселен, Қарағанды, Павлодар, Ақмола облыстарынан ет өнімдерін әкеледі. Алғашқы үш айда біз кәсіпкерлерге сауда жасау үшін тегін орын береміз. 150 кәсіпкер өз тауарларын ұсынуына мүмкіндік бар. Қазіргі уақытта ет өнімдері, оның ішінде жылқы еті, құс еті, балық, жеміс-жидек, көкөністер, сүт өнімдері сатылып жатыр, – деді ауылшаруашылық жәрмеңкесін ұйымдастырушы Бауыржан Увалиев.

Аталған жәрмеңке күн сайын сағат 09.00-18.00 аралығында жұмыс істейді.

Кәсіпкерлерге көрсетіліп жатқан көмек, атап айтқанда үш ай көлемінде тегін орын беру аймақтардан келген бизнес өкілдеріне үлкен жәрдем. Осы уақыт аралығында саудамыз жүріп жатыр. Осындай қолдау үшін қуаныштымыз, – деді Азамат есімді кәсіпкер.

Елорда тұрғындары жәрмеңке аясында қажетті азық-түлік қорын сатып алуда.

Мен жәрмеңкеге үнемі келіп тұруға тырысамын. Өйткені, нарықтағы бағаға қарағанда мұндағы бағалар төмен. Әсіресе, ет өнімін алуға келемін. Демалыс күндері келгенімде көп адам болады. Бүгін бір аптаға жететін азық-түлік қорын сатып алдым, – дейді Салтанат есімді қала тұрғыны.