Елордаға Үрімшіден гуманитарлық көмек жеткізілді

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордаға Үрімшіден гуманитарлық көмек жеткізілді
ашық дереккөз

Нұр-Сұлтан қаласына Үрімшіден арнайы ұшақпен гуманитарлық көмек жеткізілді, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі Қазақстанның Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап. «Бүгін ҚР Қорғаныс министрлігінің арнайы ұшағымен Үрімшіден (ҚХР) Нұр-Сұлтанға медициналық жүк жеткізілді. Медициналық бұйымдарды Қытайдың бірқатар провинциясы, мемлекеттік органдары мен компаниялары жолдады. Медициналық жүк маска (131 500 дана), қолғап (10 900 дана), термометр (100 дана) және арнайы қорғаныс киімдерден (720 дана) тұрады. Бұл гуманитарлық көмек Қазақстан мен Қытай халықтарының берік достығының анық айғағы», - делінген ақпаратта. Гуманитарлық жүкті мемлекеттік органдарга және мекемелерге тарату үшін бірыңғай дистрибьютор – «СҚ-Фармация» ЖШС қабылдап алды.