00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Биыл астанада 250-ге жуық аула мен қоғамдық кеңістік абаттандырылады

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Биыл астанада 250-ге жуық аула мен қоғамдық кеңістік абаттандырылады
ашық дереккөз

Қалалық мәслихатта қаржыландыру жоспары бекітілді. Дегенмен қала тұрғындарының өтініші бойынша биыл және алдағы жылдары абаттандырылатын мекенжайлар тізімі енгізіледі, – деді қала басшысы.

«Халықтың бюджетке қатысуы» жобасы қаланың барлық ауданына енгізілді. Әкімнің айтуынша, бұл жоба қала тұрғындарына өз ауласының сырт-келбетін өзгертуге мүмкіндік береді: футбол және баскетбол алаңдары, демалуға арналған орындар болуы, воркаут аумақтары және т.б. Аудандық әкімдіктермен және урбанистика орталығымен бірлесіп, биыл қала тұрғындарымен 200-ден астам кездесу өткізілді, онда тұрғындар алдағы уақытта салынатын аулалар мен қоғамдық кеңістіктер тұжырымдамасын талқылады.

Мысалы, «Агроқалашық», «Көктал», «Теміржолшылар», «Интернациональный», «Өндіріс», «Кирпичный», «Оңтүстік-Шығыс», «Үркер» елді мекендерінде көрікті орындар ашылады. Әдеттегідей негізгі басымдықты қаланың оң жақ бөлігіне аударамыз. Бір кездері қараусыз қалып, салдарынан қала тұрғындарына ыңғайсыздық тудырған учаскелерде жаңа жайлы орындар салынады. Сондай-ақ, адам көп жүретін учаскелерді ыңғайлы етуді ары қарай да жалғастырамыз, оларды бір-бірімен жалғастырып, серуендеуге арналған променадтар ашамыз, – деп жазды А.Көлгінов.

Сондай-ақ астана басшысы соңғы жылдары 500-ден астам аула аумағы мен кеңістік абаттандырылғанын атап өтті. Енді биыл театр бульварлары, елді мекендердегі саябақтар мен гүлзарлар, көше спортына арналған колизей, құтқарушылардың, медицина қызметкерлерінің, мұғалімдердің құрметіне скверлер ашылады.